Батыс Қазақстан облысының атынан қатысқан «Елбасы медалінің» 21 иегеріне еліміздің жоғары оқу орындарына білім гранты тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, «Елбасы медалінің» иегерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұпайлары тең болған жағдайда білім беру гранттарын алуға басымдық берілді.
Еліміз бойынша барлығы 605 медаль иегері грант алды. Гранттардың ең көп бөлігін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Қызылорда және Павлодар облыстарынан келген болашақ студенттер алды. Ал жүлдегерлер арасында ең танымал оқу орындары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Сүлеймен Демирел атындағы Университет және Astana IT University.