Елбасы Н.Назарбаевтың бүгінгі үндеуі қазіргі күні еліміздің басына төнген қауіпті індетті, саяси-экономикалық дағдарысты күш біріктіріп жеңуге жетелейді. Әлем елдері коронавирустан зардап шегіп жатқан аласапыран уақытта Елбасының халқына арнап үн қатуы бәріміздің еңсемізді көтерді.
Қазақ елінің басына төнген қиын-қыстау кезеңдерде де талай төте жол тауып шыққан болатынбыз.
Қазір әр адамның сыналатын шағы – өзіне сенімді адам кез келген қиындықты жеңеді. Тек Үкіметке иек артып отырмай, өз халінше қам-қарекет жасап жатқан, отбасы жағдайы төмен азаматтар үшін барлық мүмкіндіктер беріліп отыр.
Мемлекеттің басты байлығы – халқы. Сондықтан барлық күш-жігерімізді елімізді сақтауға, ұлтты сақтауға қоғам болып жұмылайық. Қандай жағдай болса да, елмен, халықпен біргеміз.
Жаннат Танабаева
«Мәңгі Қазақ елі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
zhaikpress.kz