3.10.2022, 12:30
Оқылды: 49

Елде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалған – ІІМ

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

WhatsApp Image 2022-10-03 at 10.47.53

 Бір апта ішінде 2858 қылмыс жасалды, оның 1677 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 36 тонау және 418 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.

Сонымен қатар ол министрлік жыл сайын өткізетін халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды сатып алу науқанының аяқталғанын атап өтті.

ІІМ-нің халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша өткізілетін жыл сайынғы акциясы аяқталды. Іс-шара қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына 1 087 азамат жүгініп, 1 400 бірлік атыс қаруы мен 10 мыңға жуық патронды өз еркімен тапсырған. Бұл акция 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді, осы уақыт аралығында азаматтар 54 мыңнан астам атыс қаруын, 2 млннан астам патронды өз еркімен тапсырды. Соңғы 5 жылда атыс қаруымен жасалған қылмыстардың саны 43%-ға төмендеді, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале