17.03.2025, 20:00
Оқылды: 50

Елде қанша автокөлік бар?

149,2 мың автокөлік құралдары ақпан айында есепке қойылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Машина ЖП

— 2025 жылғы ақпанда 149,2 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2% артты, — делінген хабарламада.
Оның ішінде жеңіл автомобильдер саны 8%, жүк автомобильдері 26,2% артты, ал автобустар 6,8% кеміді.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5791,7 мың болды, оның ішінде 88,1% жеңіл автомобильдер, 9,9% жүк автомобильдері және 2% автобустар.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале