– Кеше АШМ және СИМ хабарлағандай, бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ. Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды. Қор толтырылып отырады. Яғни, «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» - деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз.
Әлішер Өмірзақ, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі