Елдегі шипайжайлардың үштен бірі мемлекеттік тапсырыстан қағылуы мүмкін. Бұл жайында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Аманбаев астанада өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Зерттеу қорытындысы бойынша, елдегі шипажайлардың үштен бір бөлігінің халі мүшкіл. Оған себеп – иелерінде дамуға ынта жоқ. Елімізде 173 шипажай болса, соның көбі өткен ғасырдың елуінші жылдары салынған. Содан бері жөндеу көрмеген, жаңармаған нысандар көп», - деді Талғат Аманбаев.
Айтуынша, соған қарамастан мемлекеттен тапсырыс алып отырған шипайжалар бар.
«Шипажайлардың бәрі мемлекеттен тапсырыс алып отыр. Бұл әділетсіз. Өйткені көбі мемлекеттік тапсырысқа сеніп, арқаны кеңге салып жүр. Біз белгілі бір өлшемдерге сай келетін шипажайларға ғана мемлекеттік тапсырыс беруді ұсындық. Есесіне оларға салықтан жеңілдіктер беріп, инвестициялық артықшылықтар көрсетеміз», - деді «Kazakh Tourism» басшысы.
Аталған шарада Талғат Аманбаев Нұр-Сұлтан қаласында медициналық турзимнің арнайы экономикалық аймағын құруды ұсынды.