21.02.2022, 16:50
Оқылды: 155

«Электр энергиясы қандай жағдайда ажыратылады?»

Тұтынушыларды электр энергиясынан ажырату тұтынылған қызмет үшін берешек болған жағдайда жүзеге асырылады.

c3c2bfb297b77911c005c41ca996b548

Теріс әлеуметтік зардаптарды болдырмау және осы Ережелердің талаптарын өзгеше түсінік беру үшін келесіні ескерткіміз келеді:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығымен бекітілген, Энергиямен жабдықтаудың типтік келісімінің 7-тармағына сәйкес: Ішкі қажеттіліктер үшін электр энергиясын тұтынатын тұтынушы төлемді есептік айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей төлейді. Айдың 25-ші күнінен кейін төлем болмаған жағдайда, энергия жабдықтаушы немесе энергия тасымалдаушы ұйымдары электр энергиясын толық немесе ішінара беруді тоқтатады.

Бұл жағдайда жеке тұлғалар үшін, электр энергиясы үшін ақы төлемегені немесе толық төлемегені үшін электр энергиясын беруді тоқтата тұрғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын, заңды тұлғаларға 5(бес) күнтізбелік күн, жазбаша (хабарлама ұсыну арқылы немесе электрондық почтаға, факсқа хаттама жолдау арқылы) ескертіп хабардар етуге міндетті.

Электр қуатынан заңсыз ажырату тұтынушылардың құқығын бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ бұйрығымен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 172-баптың 5-бөлігіне сәйкес лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 мөлшерінде, орта бизнес үшін – 50 мөлшерінде, ірі бизнес үшін – 75 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сонымен бірге тұтынушының есептік ажыратылу күнінен кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабардар болуы керек екенін білу маңызды. Сондай-ақ тұтынушы электр қуатын өшірместен бұрын хабарландыру алуы керек.

Сонымен қатар келісімшарттың 7-тармағында көрсетілгендей, жоспарланған үзіліс туралы хабарландыру оқиға болғаннан кейін тұтынушыға жіберілуі керек, яғни ерікті төлем мерзімі аяқталғаннан кейін екенін ескереміз. Осыған байланысты, тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатуға себеп болатын жағдайлар туындағанға дейін төлем құжаты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым шығарған хабарлама талаптарға сәйкес келмейді.

Мысалы, БҚО-ның тұрғыны қаңтар айында қолданылатын электр қуаты үшін, 25 ақпаннан кешіктірмей төлеуге тиіс, төлем болмаған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы немесе беру ұйымы жазбаша хабарлама (ескерту) жібереді және оны 25 ақпаннан кешіктірмей ажыратуға құқылы.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды бақылайды. Энергия жабдықтаушы немесе энергия таратушы (энергия өндіруші) ұйымдар арқылы тұтынушыларға электр энергиясын жеткізуді заңсыз тоқтатқан (шектелген) жағдайда, Аумақтық департамент жоспардан тыс тексерулер жүргізуге, кейіннен әкімшілік іс қозғауына және құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.

«ҚР энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің БҚО бойынша аумақтық департаменті» ММ

Суреттің дереккөзі: syrboyi.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале