Электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдардың бірінде шекті баға 8,05-тен 8,27 теңге/кВтсағ-қа дейін, екіншісінде – 7,40-тан 7,98 теңге/кВтсағ-қа дейін, тағы біреуінде – 8,49-дан 9, 27 теңге/кВтсағ-қа дейін өседі. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Фото: pixabay.com
Шекті бағаны көтеретін компаниялар:
• Еуроазия энергетикалық корпорациясы
• «Астана-Энергия»
• «Алюминий Қазақстана»
• «Степногорск ЖЭО»
• «Жаңажол ГТЭС»
• «3-Энергоорталық»
• «Казхром»ТНК»
ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығында тарифтерге өзгеріс 1 қыркүйекте енгізіледі деп жоспарланған.