26.04.2022, 10:00
Оқылды: 93

Электр тоғы – қауіптің көзі

Статистика бойынша көбінесе мектеп жасындағы 7-11 жастағы балалар жарақаттанады. Соның ішінде ұлдар қыздарға қарағанда әлдеқайда жиі (70%) жарақат алады. Үш жастан асқан балалар өлімінің басты себептерінің бірі жарақат алудан болады. Әлемде әртүрлі инфекцияға қарағанда жазатайым оқиғалардан балалар жиі қаза табады. Ұл-қыздардың жарақаттануы көп жағдайда ересектердің бейқамдығынан орын алады. Сонымен қатар ата-аналардың өз міндеттерін тиісінше орындамауы да қайғылы жағдайларға соқтырады. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті осы мақалада электр тоғынан болатын балалардың жарақаттануының алдын алудың кейбір мәселелері туралы баяндайды.

P2LKe0hnWGgWEBYh-lg

Суреттің дереккөзі: islam.kz

 

Қауіпті тоқ: ең алдымен, электр тоғының зақымдау себептерін түсіну керек. Әдетте адамдар 10 кВ (10000 Вольт) жабдығы 220 Вольттан әлдеқайда қауіпті деп санайды. Бірақ бұл – қате пікір. Шын мәнінде, электр тоғының зақымдаушы факторы кернеуге емес, оның күшіне байланысты. Сондықтан кез келген тұрмыстық құрал қауіпті болуы мүмкін.

Мектептегі демалыс кезінде балалардың жарақаттануын болдырмау және оның алдын алу өте маңызды. Сондықтан ата-аналар, мектеп, қоғам болып бұл бағыттағы жұмысты қолға алулары керек. Мұндай мақсаттағы жұмыс перзенттеріміздің электр жарақатын алу мүмкіндігін жоюға және электр жарақаттарының алдын алу сабақтарын үнемі өткізуге негізделгені жөн. Тұрғын үйлерге, білім беру нысандарына, спорт, құрылыс алаңдарына, тұрғын үйлердің және т.б. кіреберістері мен жертөлелерінде, сондай-ақ тұрмыстық аспаптарға тікелей жақын орналасқан кез келген қолданыстағы электр қондырғыларға (электр беру желілері, қосалқы стансалар, кернеу шамасына қарамастан жабдықтар) ерекше назар аудару қажет.

Балалар мынаны білуі қажет:

Трансформаторлық және тарату қосалқы стансаларына жақындау және жанасу, ішке кіру, сондай-ақ шатырға шығу өте қауіпті;

Кабель және әуе электр беру желілерінің құлап кеткен және үзілген жалаңаш сымдарына жақындауға болмайды;

Электр тоғы жүріп жатқан жалаңаш сымдарды ұстау ажал құштырады;

Аспаптарда немесе сымдарда электр тоғының бар болуын саусақпен тексеруге болмайды;

Электр желілерінің сымдарын есіктермен, терезе жақтауларымен қорғау, сымдарды шегемен бекіту өте қауіпті.

Электр сымдарының жылу, су құбыры құбырларымен, телефон және радиотрансляциялық сымдармен жанаспауын қадағалау керек.

Балаларға розеткалардың жанында ойнаудың, оларға түйреуіштерді, сымдарды бұраудың қауіпті екенін түсіндіру  керек.

Электр қуаты көзіне қосылған электр құралдарын қадағалаусыз қалдыруға немесе оларды бақылауды балаларға тапсыруға (ұялы телефондар мен гаджеттерге арналған қуаттағыштар) болмайды.

Ата-аналар ұл-қызының жарақаттану жағдайларына қатысты жауапкершілікті мұғалімдерге аудармауы тиіс. Өйткені перзенттердің дұрыс мінез-құлқы, өздерін тәртіпті ұстауы әке-шешеге байланысты.

ҚР Энергетика министрлігі 

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 

БҚО  бойынша аумақтық департаменті

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале