3.05.2024, 10:32
Оқылды: 52

Электромобильдерді қауіпсіз пайдалану саласындағы жаңа талаптар белгілі болды

"Қазіргі уақытта елде экологиялық таза көлік танымал бола бастады. Бұл жағдай көліктің осы түрін қауіпсіз пайдалануды белгілейтін арнайы нормаларды әзірлеуді талап етті", - деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар министрлігі.

210350ba440dd670260c86129e7b78f3_1280x720

Фото: www.gov.kz

Осыған байланысты, ТЖМ өз құзыреті шеңберінде электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын қауіпсіз пайдалану мен орналастыруды реттеу үшін зерттелген халықаралық тәжірибе негізінде (АҚШ, Канада, Мексика, Нидерланды, Швейцария, Германия, Ұлыбритания, Финляндия және Ресей) электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын орналастыруға қойылатын талаптарды белгілейтін ұсыныстар қалыптастырып оларды одан әрі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге енгізу үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің атына жолдады.

ТЖМ ұсынған іс-шаралардың нәтижелері бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын орналастыру бөлігінде мемлекеттік нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді (ҚК ӨҚМ 19.04.2024 ж. №68-нқ бұйрығы).

Анықтама: электромобильдерге арналған негізгі талаптар

- электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын орналастыру орындары анықталды;

- бір өрт бөлігі шегінде орналастырылатын электромобильдер санын шектеу (1200 м2. 10 орыннан артық емес);

- зарядтау станцияларының түрлері мен қуаттары анықталды;

- зарядтау станцияларын орнату кезінде жобалық құжаттаманы әзірлеу қажеттілігі анықталды;

- зарядтау станцияларын өрт сөндіру жүйесімен жабдықтау қажеттілігі.

Өз кезегінде ТЖМ электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын орналастыру кезінде Мемлекеттік нормативтердің жаңадан қабылданған талаптарын сақтау қажеттілігі бөлігінде «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын дайындады. Қазіргі уақытта бұйрық жобасы аккредиттелген ұйымдармен келісу рәсімінен өтуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале