8.10.2021, 11:08
Оқылды: 20

Электрондық анықтамалар береді

Биылғы қыркүйек айының 30-ынан бастап еліміздің Ұлттық банкі валюта бағамдары мен базалық мөлшерлеме бойынша электрондық анықтамалар беру қызметін пилоттық режімде іске қосты. Мемлекеттік құрылымдарға, жеке және заңды тұлғаларға арналған бұл қызметті аталмыш банктің веб-порталының  «Электрондық анықтамалар»  бөлімінен табуға болады.

eb317ea3ec61f963d6d995774f238c78_XL

Ұлттық банктің Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары Сергей Родиннің айтуынша, сервис статистикалық деректерді ұсыну үрдісін жеңілдетіп, электрондық анықтамаларды алу мерзі-мін айтарлықтай қысқартады. Бұрын  қағаз түріндегі  ақпаратты алу үшін кемі 2-5 жұмыс күні кетсе, жаңа жүйе арқылы қажетті анықтаманы сол мезетте аласыз. Жаңа сервисті пайдаланушыларға белгілі бір күнге немесе кезеңге теңгенің шетел валюталарына қатысты күнделікті ресми бағамы және оның бір айдағы орташа шамасы, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі, шетел валюталарының теңгеге шаққандағы ресми бағамдары туралы мәліметтер табылады.

Электрондық анықтамаларды алу үшін веб-порталда тіркелу міндетті емес, олардың түпнұсқаға сәйкестігі құжаттағы QR-кодпен расталады. Мұндай сервистік қызмет – статистикалық ақпаратты алудың қосымша әдісі. Жеке және заңды тұлғалар бұрынғыдай заңнамамен белгіленген мерзімде қағаз жүзінде анықтама алу үшін бас банкке жүгінуге құқылы. Электрондық анықтамаларды беру кезінде валюта бағамдары бойынша ақпарат тек 2010 жылдың 1 қаңтары күнгі мәліметтерден басталады. Онда да Ұлттық банк теңгенің ресми бағамын белгілейді шетел валюталары бойынша күнделікті және ай сайынғы ақпараттары ұсынылады. Базалық мөлшерлеменің шамасы жөніндегі деректер 2001 жылдың 1 қаңтар күнгі мәліметтен бастап беріледі.

Анар Марксқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале