Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина әлемдегі ең бай теннисшілердің тізіміне енді. Ол 2022 жылға қарағанда, биыл 2 млн долларға көбірек табыс тапқан, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Фото: Елена Рыбакинаның instagram парақшасынан
Metaratings дерегіне сүйенсек, ең табысты теннисші – Ига Швентек. Ол 9,86 млн доллар табысқа кенелген.
Қорытынды турнирге дейін табыс рейтингінде белорус Арина Соболенко көш бастап тұрған. Бірақ Канкундегі жеңіс Игаға 3 млн доллардан астам пайда әкелді. Осылайша, белорус спортшысы 8,2 млн доллармен екінші орынға жайғасты. Соған қарамастан ол былтырмен салыстырғанда шамамен 6 млн доллар артық табыс тапқан.
ТОР-5 қатарында Коко Гауфф (6,67 млн), Джессика Пегула (5,97 млн) және Елена Рыбакина (5,49 млн) бар.
Еске сала кетейік, былтыр қазақстандық теннисшінің иелігінде 3,57 млн доллар қаржы болған.