WTA рейтингі жаңарды. Топ-10 тізімінде қандай өзгеріс бар?
Әйелдер теннисі қауымдастығы жекелей сындағы рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: Prosports.kz
Көш басында әлі де польшалық Ига Швентек тұр. Екінші орында беларусьтік Арина Соболенко, ал қазақстандық Елена Рыбакина үшінші орында.
WTA рейтингі, 12 маусымдағы жағдай:
1 (1). Ига Швентек (Польша) — 8940;
2 (2). Арина Соболенко (Беларусь) — 8012;
3 (4). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 5090;
5 (4). Каролин Гарсия (Франция) — 5025;
5 (3). Джессика Пегула (АҚШ) — 4905;
6 (7). Онс Жабер (Тунис) — 3961;
7 (6). Кори Гауфф (АҚШ) — 3435;
8 (8). Мария Саккари (Греция) — 3272;
9 (10). Петра Квитова (Чехия) — 3102;
10 (14). Беатрис Аддад Майя (Бразилия) — 2910.