Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-да рейтингінде эйс саны бойынша көш бастап тұр, ал тағы екі номинация бойынша топ-10-ға енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сурет: usopen.org
24 жастағы қазақстандық теннисші бұған дейін карьерасында алғаш рет Қорытынды турнирге жолдама алды және Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) сайтындағы статистикаға сәйкес, ол эйс саны бойынша алғашқы орында тұр.
Елена Рыбакина биылғы маусымда 401 эйс орындаған, ал үздік үштікте Беларусь теннисшісі Арина Соболенко (355) және франциялық теннисші Каролин Гарсия (343 эйс).
Бірінші cоққыда жинаған ұпай саны бойынша Елена мен қытайлық Ван Яфань 73,7 пайыз жинап, үздік болды.
Қазақстандық теннисші допты ойынға қосқанда жинаған ұпай саны бойынша 6-орында – 62,7 пайыз.