Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Брисбендегі WTA 500 халықаралық турнирінің ширек финалына шықты. Ол 1/8 финалда Бельгия елінің теннисшісі Элиза Мертенсті айқын басымдықпен жеңді.
Фото: Twitter.com/wta/
Бірінші сетте Елена қарсыласына 1 геймде ғана есе жіберді. Екінші сетте 6:0 есебімен басым болды. Нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласын 58 минутта жеңіп шықты.
Екі теннисші өзара бесінші рет кездесті. 4:1 есебімен Елена Рыбакина алда.
Ширек финалда Елена Вероника Кудерметова (№16) - Анастасия Потапова (№28) арасындағы ойында жеңіске жеткенімен кездеседі.
Айта кетейік, Элиза Мертенс жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы болған. Мансабында жұптық сайыс бойынша үш рет "Үлкен дулыға" жарысында жеңімпаз атанған.