Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлемде дара көш бастап келеді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Фото Елена Рыбакинаның instagram парақшасынан
WTA кестесінен мәлім болғанындай, биылғы маусымда Елена Рыбакина 44 матчта 349 эйс жасап үлгерді.
Франциялық Каролин Гарсия 42 матчта 305 эйс жасаса, белоруссиялық Арина Соболенко (48, 275) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Ресейліктер Вероника Кудерметова (39, 206), Людмила Самсонова (32, 197) төртінші, бесінші сатыда.