1.04.2024, 10:15
Оқылды: 71

Елена Рыбакина Майами турнирінің финалында жеңіліп қалды

Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалында корт иесіне жол берді. 

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіхабарлады.

elena_rybakina_ustup_1711833958

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 53-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен чемпиондық атаққа таласты.

Бірінші партияда есеп 6:5 болған мезетте америкалық теннисші брейк жасап кетті – 7:5.

Коллинз екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты.

Елена таразы басын теңестіргенімен, Даниэль қайта брейк жасады – 5:3. Содан кейін төртінші матчболын мүлт жіберген жоқ – 6:3.

Екі сағат 2 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 5 эйс жасағанымен, 10 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

Есесіне қарсыласы 4 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Осылайша, Елена Рыбакина екінші жыл қатарынан Майами турнирінің финалында ұтылып қалды. Өткен жылы ол чехиялық Петра Квитоваға есе жіберген еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале