Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елена Рыбакина әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен ойнады.
Фото: Reuters
Қазақстандық теннисші 7:6 (7:3), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 52 минутқа созылды. Айта кетейік, матч жаңбырға байланысты екі рет тоқтатылды.