Уимблдон – 2022 турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина жарыстан алған жүлде қорының бір бөлігін жануарларды қорғауға бағыттағысы келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сурет: ҚазАқпарат
«Алдымен юниорларға қол ұшын созғым келеді. Сыйақының ауқымды бөлігі соларға жұмсалады. Тағы бір бөлігі жануарларды уақытша ұстау орнында (приют) болдым. Маған үлкен әсер қалдырды. Осы орайда сыйақының бір бөлігін жануарларды қорғауға бағыттағым келеді», - деді Елена Рыбакина елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жеңімпазы болды.
Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен алғашқылардың бірі болып Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Кейін теннисші жеңіс үшін бар күшін салғанын айтып, мықты матч болғанын мәлім етті. Сонымен қатар барша жанкүйерлерге алғысын білдірді. «Осы жолы өз өнеріме ризамын, ең бастысы, сапалы ойнадым», - деді ол.
Еске салсақ, Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина турнирдегі жеңісі үшін берілетін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартты.