Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: ktf.kz
Дүниежүзілік рейтингіде де үшінші сатыда тұрған қазақстандық теннисші өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайды.
Қазақстанның ерлер арасында – бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Уимблдонда алғаш рет таңдаулылар қатарында бақ сынайды. Жуырда Галледегі ірі жарыста тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған Бублик жарысқа 24-ракетка болып қосылмақшы.