Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалға шыға алмады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Фото: ktf.kz
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездескен, есеп тең еді - 2:2.
Бұл жолы бірінші партияда теннисшілер екі-екіден брейк жасады. Тай-брейкте қазақстандық спортшы басымдылық танытты - 7:6 (7:5).
Алайда екінші сет соңына таман Онс Жабер күш алып кетті - 6:4, 6:1.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Онс Жабер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен таласады. Ол дүниежүзілік рейтингте 18-орында тұрған америкалық Мэдисон Кизді қапы қалдырды - 6:2, 6:4.