Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 3-орын) Монреалдағы (Канада) Canadian Open және Цинциннатидегі (АҚШ) Cincinnati Masters турнирлеріне қатысушылар тізімінде тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Фото Елана Рыбакинаның instagram парақшасынан
Монреалдағы WTA турнирі 7-13 тамыз аралығында өтеді. Жүлде қоры 2 788 468 долларды құрайды. Жеңімпаз 454 500 долларға және рейтингілік 900 ұпайға ие болады. Цинциннатидегі турнир 14-20 тамыз аралығында өтеді. Оның жүлде қоры 2 527 250 долларды құрайды. Турнир жеңімпазы 412 000 доллар алады және оған рейтингілік 900 ұпайға кепілдік беріледі.
Айта кетейік, Монреал мен Цинциннатидегі турнирлерден кейін 28 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында теннистен биылғы жылдың төртінші және соңғы «Үлкен дулыға» турнирі – АҚШ ашық чемпионаты (US Open) өтеді.