Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Халықаралық әйелдер теннисі рейтингінде (WTA) үздік үштіктен шығып қалуы мүмкін, деп жазады Tennisuptodate.com.
Фото Елена Рыбакинаның instagram парақшасынан
Америкалық теннисші Джессика Пегула 31 шілде мен 6 тамыз аралығында Вашингтонда өтетін жарысқа қатысады. Егер сәтті ойнап, ширек финалдан асып жатса, онда үздік үштікке оралады.
Рыбакинада демалыс аптасы. WTA 500 Mubadala Citi Open жарысының нәтижесіне байланысты WTA рейтингіндегі үздіктер арасында өзгерістер болуы мүмкін. Джессика Пегула жарыстағы басты фавориттердің бірі. Ширек финалға шықса, үздік үштіктегі орнын қайтарады. Ол бірінші раундты қарсылассыз өткізеді. Екінші айналымда София Кенинмен немесе іріктеуден өткен өзге теннисшімен ойнайды. Ұтатын болса уақытша болса да Рыбакинаны төменге орынға сырғытады, - деп жазады басылым.
Елена Рыбакина 7-13 тамыз аралығында өтетін Монреальдағы WTA 1000 жарысына қатысады.
massaget.kz