18.10.2022, 11:03
Оқылды: 61

Елге қызмет – негізгі міндет

Техника ғылымдарының кандидаты, профессор, академик Ақсерік Әйтімов, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық  орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының директоры Софья Ізмұханбетова жуырда  Қазақстан  инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттерімен, магистранттарымен және оқытушыларымен кездесті.  

WhatsApp Image 2022-10-18 at 09.23.50

– 6 қазан күні «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІV сиезі өткені мәлім. Оған Батыс Қазақстан облысынан 25 өкіл қатысты. Сиез барысында күрделі мәселелер қаралып, алдағы уақытта өтетін сайлаудың маңыздылығы түсіндірілді. Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысының саяси реформаларын қолдау мақсатында еліміздің әр аймағында бірқатар жұмыс атқарылуда. Кейінгі кездері ашық диалог, сұрақ-жауап алмасу бағытында жұмыстанып жүрміз. Әлемде қандай өзгерістер болып жатқанын әлеуметтік желілерден көріп отырмыз. Айта кетейік, кейбір соғыстардың тұтануына әлеуметтік желідегі пікірлер себепші болған. Ондағы «белсенділерге» назар аудармау керектігін Қасым-Жомарт Кемелұлы да айтты. Сондықтан әр пікірімізге абай болғанымыз жөн. Кез келген адам бейбіт өмірді қалайды. Болашақ біздің қолымызда. Елге қызмет ету – басты парызымыз, – деді  Мұрат  Рахметұлы.

Софья Салахиденқызы әлеуметтік желі мәдениетіне көңіл бөлу қажет екенін, желідегі жазбасынан жеке тұлғаның көзқарасы, дүниетанымы аңғарылып тұратынын, тәуелсіздік пен тыныштықтың, саяси тұрақтылықтың қадірін білуіміз керектігін, жалпы мәдениеттілік адамзат қоғамындағы басты құндылықтардың бірі  екенін  тілге  тиек  етті.

– Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында жақсы ғұмыр кешіп келеміз. Оқу-тоқумен, білім-ғылымды игерумен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қоса аламыз. Компьютерлік-цифрлық технологияны, жалпы инновациялық озық технологияны тереңірек зерттеуге, тыңғылықты меңгеруге тиіспіз. Мемлекет басшысы көрегенділік танытып, халықтың қамы, елдің ертеңі үшін әрбір шешімін байыппен қабылдап келеді. Демек, біз үшін жүйелі де сапалы жұмыс істеу күнделікті дағдыға айналуы тиіс, – деді Ақсерік  Сарыұлы.

Марлен Мәлікұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале