2.08.2022, 15:15
Оқылды: 62

Елімізде 551 білім беру ұйымының басшысы ауысты

Елімізде 551 білім беру ұйымының басшысы ауысты. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3

«Қазіргі уақытта 551 директор ауысып, жаңа білім беру ұйымында жұмыс істеп жатыр. 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың ақпанына дейін министрлік (Оқу-ағарту министрлігі) аудандық білім беру бөлімдері, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармалары, мемлекеттік білім беру ұйымдары, дербес кәсіби одақтар бірінші басшылары үшін бұйрық нормаларын түсіндіру бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізді», - деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Сонымен қатар оның айтуынша, білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің қатысуымен кеңестер ұйымдастырылды. Мұнан бөлек, Оқу-ағарту министрлігі брифингілер өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші басшыларды ротациялау қажеттілігі мен тәртібі туралы сұхбаттар ұйымдастырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале