19.10.2023, 17:00
Оқылды: 41

Елімізде алғаш рет қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ берілді

Астанада өтіп жатқан ХI Азаматтық форумның екінші күнінде қайырымдылық саласына үлес қосып жүрген жандар марапатталды.

IMG-20231019-WA0232

Сонымен бірге «Таңдау» республикалық
қоғамдық сыйлығы, ҮЕҰ-ларға арналған сыйлықтар табыс етілді.

IMG-20231019-WA0236

Елімізде алғаш рет қайырымдылық саласында құрметті атақ беріліп отыр. Республиканың барлық өңірінен 130-дан астам өтінім келіп түскен болса, ішіндегі жүзі марапатқа лайық деп танылған.

Оның қатарында Батыс Қазақстан облысында қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген жандар да бар.

IMG-20231019-WA0229

Бөрлі ауданындағы «НазТур» ЖШС директоры Лесбай Елеусінов, «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының басшысы Рада Хайрушева, «Ақ отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алтынай Есқалиева, «KNGS» ЖШС басшысы Айбек Өтеғалиев, «Ляззат» ЖК директоры Нұргүл Ашықова қайырымдылық саласындағы құрметті атақ иегерлері атанды.

IMG-20231019-WA0230

Сонымен қатар «Жеңіс» БҚО мүгедектер қоғамдық бірлестігі ҮЕҰ-ларға арналған арнайы сыйлықпен марапатталды.

Айгүл Хасанғалиева басшылығымен қызмет атқаратын бірлестікте еліміздің түкпір-түкпірінен 116 мүгедектігі бар жан сұранысқа ие мамандықтарға оқытылған, оның ішінде 35-і жұмысқа орналасқан. Қазіргі уақытта қоғамдық бірлестік көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған 600-ден астам адамға қызмет көрсетеді.

IMG-20231019-WA0234

Айта өтейік, осыған дейін екі күн қатарынан Астана қаласында ХI Азаматтық форум өтіп жатқандығынан хабардар еткен едік.

Оған Батыс Қазақстан облысынан 15 адамды құраған делегация қатысты.

Гүлмира Сансызбайқызы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале