Ереже Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілді. Бұл алтын мен күмістің ел ішіндегі айналымын реттеу, заңсыз әрекеттердің алдын алу және халықаралық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Бұл туралы Qazaqstantv жазды.
Сурет: freepik.com
Оған сәйкес, енді бағалы заттардың тиісті құжаттары талап етіледі. Бұл өзгеріс жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қатысты. Атап айтқанда:
• Алтын мен күмісті әкелу немесе әкету кезінде кедендік декларация толтырылуы тиіс.
• Құнды металдарды тасымалдау тиісті құжаттармен, соның ішінде заңды иелік ету туралы дәлелдемелермен расталуы қажет.
• Әкелінетін және әкетілетін aлтын мен күмістің салмағы мен үлгісі туралы толық ақпарат берілуі міндетті.
Алтын, күмістің салмағы белгілі бір мөлшерден асып кеткен жағдайда арнайы рұқсат алу қажеттілігі көрсетілген. Сонымен қатар құнды металдарды заңсыз әкелуге немесе әкетуге тырысқандар үшін тиісті жауапкершілік қарастырылған.