ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепованің айтуынша, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: дәнді және майлы дақылдарды өңдеу, қант өндірісі.
Сурет: ОКҚ
«Бүгінгі таңда астық өңдеу саласында 350 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар ұн, жарма, макарон өнімдерін, крахмал өнімдерін өндірумен айналысады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 3,2 млн тонна ұн өндірілді, ішкі тұтыну көлемі 1,3 млн тонна, яғни біз ішкі нарықты отандық өндіріс арқылы 2 есе және одан да көп қамтамасыз етеміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,9 млн тонна экспортқа шығарылып, біз экспорт көлемі бойынша әлемде жетекші 10 елдің қатарына кірдік», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.