Бөлшек сауда көлемі биылғы қаңтар-қараша айларында 13 689,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2% жоғары. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
Дара кәсіпкерлермен тауарларды бөлшек саудада өткізу 2,5% өсті.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 35,4% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 64,6%.
Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша, атап айтқанда арнайы дүкендердегі жиһаздар, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, былғарыдан жасалған бұйымдар, косметикалық тауарлар мен дәретхана керек-жарақтары, жарықтандыру құралдары мен тұрмыстық тауарлар, сағат және зергерлік бұйымдар, мотор отыны, музыкалық аспаптар, электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар және аяқ киім сататын кәсіпорындарда байқалды.
2022 жылғы 1 желтоқсанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 351,8 млрд теңгені құрады.