5.02.2025, 9:15
Оқылды: 208

Елімізде дабыл белгісі қосылады

 2025 жылғы 6-7 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ТЖМ жазды.

5098c471ed590fe160939e20bc564910_1280x720

Сурет: gov.kz

  Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2025 жылғы 6 ақпанда, сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале