Жаңа жылдың алғашқы демалысында үй жануарлары жайлы статистика жарияланды. Бірінші кредит бюросы еліміздегі ит-мысыққа шолу жасады.
Фото: Freepik
Tañba порталында тіркелген үй жануарларының жалпы тізілімі шетінен толықтырылып жатыр. Қазір онда 212 мың ит-мысық жайлы ақпарат бар.
Мысалы базада мысыққа қарағанда иттер әлдеқайда көп.
— Мысыққа арналған ең танымал лақап атты бәріңіз білесіз. Порталда 1,2 мыңға жуық Мурка бар. Содан кейін Муся мен Барсик тұр.
— Бүкіл 69,5 мыңнан астам мысықтың көрсетілген тұқымы жүзге де жетпейді. Жартысына жуығының ғана шыққан тегі жазылған. 20,4 мың мысықтың түрі көрсетілмеген, ал 7 мыңға жуығы — метис.
— Белгілі бір тұқымға жататын мысықтың саны 8,5 мыңға да жетпейді. Ең танымал тұқымдар: британдық қысқажүнді мысық — шамамен 2 мың, шотландық салпаңқұлақ (1,7 мың) және шотландық тікқұлақ (0,8 мың). Сонымен қатар тізімде құлағы жайлы ештеңе айтылмайтын тағы 200-ге жуық шотланд мысығы бар.
— Ит аттарының ішінде сенімді көшбасшы — Ақтөс. 3,8 мың иттің аты осылай жазылған. Екінші, үшінші орындарда — Рекс пен Тузик.
— Ит тұқымдары — базада шамамен үш жүзге жуық. Тағы 53 мың жануарда тұқымы туралы баған мүлдем толтырылмаған, 59 мыңға жуығы — тұқымсыз немесе метис.
— Ит тұқымы ішінде алабай ерекшеленіп тұр, оларға төбет тұқымы да, төбет ретінде көрсетілген иттер де кіруі мүмкін. Осылай жазылған бүкіл иттің саны — шамамен 3,8 мың, содан кейін неміс овчаркасы (3,4 мың) және өзіміздің тағы бір төл тұқым — тазы (2,1 мың) жайғасқан.
Лақап ат пен тұқым туралы мәлімет өткен жылдың 29 желтоқсанында жаңартылған.