1.02.2023, 16:45
Оқылды: 40

Елімізде газ бағасын тежеп ұстау механизмі енгізілмек

Газ саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында газ бағасын әлеуметтің осал топтары үшін тежеп ұстау механизмі енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісіндеосындай мәлімет келтірді.

«Газ саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданды. Осы кешенді жоспарда газдың ресурстық базасын ұлғайту, газ нарығын реформалау және азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін бағаларды тежеу жөніндегі шаралар көзделеді. Биыл сұйытылған газ айналымының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сұйытылған мұнай газын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша заң қабылдау жоспарлануда», - деді ол.

Оның айтуына қарағанда, 2022 жылы елді көгілдір отынмен қамту деңгейі 59% болған.

«2023 жылы 74 млрд теңгеге 86 жобаны іске асыра отырып, халықты газдандыру үлесін 60%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл 56 ауылдық елді мекендегі 167 мың азаматты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, республиканың 11,4 млн азаматы газбен қамтамасыз етіледі», - деді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале