25.09.2024, 13:00
Оқылды: 40

Елімізде қанша шетелдік азамат жұмыс істейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан аумағында 14 346 шетел азаматы еңбек етеді.

631DC707-3E81-46CE-AE4D-4B219D97E119

Сурет: freepik.com

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 905 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 870 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 503, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 361 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 337 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 3 267 адам
  • Өзбекстан – 2 080 адам
  • Түркия – 946 адам
  • Үндістан – 885 адам
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале