14.11.2022, 11:33
Оқылды: 50

Елімізде киім-кешек бағасы бір жылда 25 пайызға қымбаттады

Елдегі киім-кешек өндірісінің 43 пайызы Алматы және Шымкент қалалары мен Алматы облысында шоғырланған. Бүл туралы ҚазАқпарат Energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

10

Сайттың сараптамасына сенсек, республика бойынша киім бағасы бір жылда 14,6% өскен.

«Киім-кешектің қымбаттағанын бәрінен бұрын астаналықтар қатты сезінді: бір жылда бірден 25 өскен. Киім қымбат өңірлердің үштігіне Қызылорда (+19,8%) және Ақмола (+ 19%) облыстары кірді. Ең баяу өсім Ақтөбе облысында тіркелген – 9,7%.

Былтырғы қазан айынан бері ерлердің киімі 14%, әйелдердің киімі 14,1%, балалар киімі 17,2% қымбаттаған», -деп жазылған сараптамада.

Ал қаңтар-тамыз аралығында импортпен келген трикотаж және тоқыма өнімдерінің көлемі 71 мың тонна болған. Бұл ақшаға шақсақ, 888,9 млн доллар.

«Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна өнім әкелінген. Бұл бұрынғыдан 2,9% кем. Негізгі жеткізуші – Өзбекстан: 10,2 мың тонна.

ТМД құрамына кірмейтін елдерден 54,1 мың тонна киім әкелінген. Бұл былтырғыдан 17,8% артық. Негізгі жеткізушілер Қытай (39,3 мың тонна) мен Түркия (12 мың тонна) болып отыр.

Қаңтар-қыркүйек аралығында елдегі киім өндірісінің ақшалай көлемі 43,1 млрд теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,7% көп.

Ең үлкен өндіріс көлемі Шымкентте тіркелді - 7,4 млрд теңге (+44%). Одан кейін Алматы қаласында 6,9 млрд теңгенің (+15,2%) және Алматы облысында 4,2 млрд теңгенің (-48,6%) киім-кешегі өндірілген», - деп жазады Energyprom.kz.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале