2.07.2024, 11:31
Оқылды: 56

Елімізде құқық жүйесі жетілдіріліп жатыр

Иә, зорлық-зомбылыққа қарсы заңнама – Президенттің саяси шешіміБұл күнгі әңгіме ауаны да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы сәуір айында қол  қойған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы сол заңнамалық өзгерістер төңірегінде болды. Ел-жұрт аталған құжаттар қоғамдағы отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға үлкен септігін тигізеді деген сенім үстіндеӨйткені, бұрынғы Әкімшілік кодекстегі денсаулыққа жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғу бабы мұнда Қылмыстық кодекстің еншісіне өтті.

CDBF5607-1916-4597-BF38-D3DD4A0853FD

Сонымен, облыстық әділет департаментінің басшысы Әлия Тасыбаева дөңгелек үстелде осы жайларды тілге тиек етуден бастап, біраз дерек-дәйекті өз сөзіне арқау етті. Жалпы Президент қолқойған «Қазақстан Республикасының кейбірзаңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігінмқамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» қос заң арқылы15 заңнамаға, оның ішінде 7 кодекс пен 8 заңғаөзгерістер мен толықтырулар еніпті. Әрі бұлқұжат кешегі 16 маусымнан бастап өз күшіне енген. Ендігі жерде денсаулыққа қасақана орташа және ауыр зиян келтірген кінәлі тұлғаны 8 жылғадейін бас бостандығынан айыру қарастырылып отыр. Жеңіл зиян келтіру бабы да қатаңдатылған, ондайларға 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасыбелгіленіпті. Қылмысты ауырлататын мән-жайлар анықталған жағдайда айыппұл көлемі 1000 АЕК-ке дейін өспек. Бұдан бөлек 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе оның шектелуі мүмкін. Отбасында жұдырығын ала жүгіруді әдетке айналдырғандарды бұл терең ойландыруытиіс. Ал енді азаптау дерегі бойынша іскетартылғандар 4 пен 7 жыл аралығында темір торға  тоғытылмақ.

Айтқандай, жиынға қалалық прокуратура, жергілікті полиция қызметкерлері, қалалық білімберу басқармасы, дағдарыс орталығы жәнебұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Онда әп дегеннен тұрмыстық зорлық-зомбылыққақарсы күрестің тиімді механизмін жасаубилікпен қоғамның сындарлы ынтымақтастығының 05еанәтижесі екені сөз болды. Заңды даярлауғаБалалардың құқықтары жөніндегі уәкіл, Ұлттыққұрылтай мен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері белсене атсалысқаны да назардан тысқалмады. Расында, құқықтық мемлекет құру қағазбетінде, құжат жүзінде реттей салатын және өздігінен қалыпқа түсе қоятын шаруа емес. Өз әңгімесінде мұны БҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жанат Нұрмағамбетова егжей-тегжейлі баяндап, БҰҰ-ның статистикасына сүйенсек, әлемде әрбір үшінші әйел жыныстық немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көретіндігін мәлімдеді. Сол себепті 155 мемлекет осы бағыттағы заңдарын қатаңдатқан  көрінеді.

Өз кезегінде Орал қаласы прокурорының орынбасары Алмас Оңаев,  жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Диляра Сатарова, медиатор Манзура Хасанова күн тәртібіне қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, аталмыш заңадамдардың құқықтары мен еркіндігін қорғауға әрі мемлекетті демократияландыруға бағытталған қадам екендігін жеткізді. Сонымен бірге заңнамаға енген өзгерістерге сай жасөспірімдерге қарсы жыныстық зорлық-зомбылық көрсетілетін болса, бірден өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатыны айтылды. Осылайша, қоғамдық ортада мұндай адамдарға мүлдем төзбеу қағидаты қалыптаспақ. Жасөспірімдерді суицидтік жағдайларға ұрындыру һәм итермелеу де жаңа сипатқа ие. Оның да жазасы жеңіл емес.

Дөңгелек үстелдегі түйін сөз мынау: үлкен-кіші һәм қоғам белсенділері осынау заң тармақтарының мүлтіксіз орындалуына бастамашылық жасауы керек. «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» дегенсөз босқа айтылмаған. Бұл саяси шешімеліміздің заманауи әділ қоғам болып қалыптасуы бағытында алға жасалған тағы бір үлкен қадам.

Бақытжан Ордабаев

Фото: Мәди Салық   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале