12-14 қыркүйек аралығында елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, - деп жазады polisia.kz.

Полиция заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті.
Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды анықтау, халық көп шоғырланатын орындарды тексеру, заңнамалардың сақталуын бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Басты мақсат - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтық тәртіпті нығайту.