9.09.2021, 15:47
Оқылды: 26

Елімізде мектептердің 87%-ы штаттық режимде білім беріп жатыр

Оқу процесінің басталғанына шамамен 9 күн болды. Осы ретте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектептердегі оқу процесінің ұйымдастырылу барысы туралы айтып берді.

 мм

Айтуынша, елімізде мектептердің 95%-дан астамы оқу процесін бір немесе екі ауысымда штаттық форматта өткізіп жатыр. Мектептердің 5%-ы орын тапшылығы бар немесе үш ауысымды мектептер. Бұл жағдайда оқу процесін ұйымдастыруға тиісті әдістемелік ұстанымдар жіберілген болатын.

Көріп отырғандарыңыздай, бүгінгі күні оқушылардың басым көпшілігі штаттық форматта оқытылып жатыр. Бұл - ата-аналардың қалауы. Себебі ата-аналардың көпшілігі баласының мұғалім алдынан сабақ алып, 45 минут уақыт ішінде тиісті білімді дәстүрлі форматта алғанын қалап отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан бүгінгі күні мектептердің 87%-дан астамы сабақтарын толығымен штаттық форматта өткізіп жатыр. Ал мектептердің 13%-ға жуығы кей пәндерді қашықтан жүргізуде. Бұл формат әдістемелік нұсқаулықта рұқсат етілді, - деді Каринова.

Айтуынша, мектептердің тек 0,2%-ы ғана оқу процесін қашықтан өткізіп жатыр. Оған оқушының сырқаттанып қалған жағдайы немесе ауырған адаммен байланыста болғаны себеп болуы мүмкін.

Ұстаздық жолын енді бастаған 12 мыңға жуық маман да жұмысын жалғастыруда. Олар биылғы оқу жылында 340 мыңға жуық әріптесінің қатарына қосылды, - деп айтты вице-министр.

 

baq.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале