9.07.2024, 14:48
Оқылды: 92

Елімізде мердігер компаниялар жолдарды 7 жылға дейін өздері күтіп ұстайтын болады

Бүгін Үкімет отырысы барысында көлік министрі Марат Қарабаев жобалаушылардың, мердігерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатында қолға алынған шараларға тоқталып өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

5FA9ACFB-4A27-4248-8524-AF9AF4F7EE36

Соңғы жылдардағы жобаларды іске асыру тәжірибесін ескере отырып, жауапкершілікті арттыру мақсатында Халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен EPCM келісімшарты және FIDIC қағидасы енгізілуде. Ондағы шарттарға сәйкес мердігер компания өзі жобалап, өзі салып 7 жылға дейін жолдарды күтіп ұстайтын болады. Бұл шарттың негізгі артықшылығы – жобалаудың және құрылыс сапасының тәуекелдерін азайтады.  

Жобаларға жергілікті компанияларды тарту мақсатында Көлік министрлігі мынадай тиісті ұсыныстарды әзірледі: 

➤ Қазақстандық компаниялардың қатысуымен құрылған консорциумдарға жеңілдіктер беру; 

➤ Қазақстанда техникалары шоғырланған компанияларға үстемдік беру; 

➤ құрылыс жұмыстарын жүргізуге қазақстандық лицензия болу шарты; 

➤ банктік кепілдемелер бергенде қазақстандық банктердің контр-кепілдіктерінің болуы. 

Аталған ұсыныстар Халықаралық қаржы институттарынан қолдау тауып, конкурстардың негізгі талабы ретінде бекітілуде.

«Бұл жергілікті компаниялардың әлеуетін, тәжірибесін арттырып, алдағы уақытта Халықаралық құрылыс компанияларымен бәсекелес болуға мүмкіндік береді», - деді көлік  министрі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале