5.09.2024, 10:00
Оқылды: 60

Елімізде онлайн-саудада тұтынушылардың құқықтары қорғалатын болады

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасына онлайн саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғау ережелері енгізіледі. Осыған байланысты электронды сауда алаңдары сатушыларды электрондық сауда алаңына жіберудің ішкі рәсімдерін қамтамасыз етуі тиіс. Оның аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау талаптарын сақтау бойынша келісімдер жасалады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында айтылды.

D5A2EBEE-7A32-4892-8C70-6FD58357DEA4

Сурет: freepik.com

Сатушының үстінен тұтынушы шағымы түскен кезде электронды сауда алаңы тұтынушының құқықтарын қалпына келтіру шараларын қабылдауы керек.

Бұл ереже уәкілетті органға сауда қызметін реттеу заңнамасын бұзғаны үшін кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Мысалы, сатып алушыға тауар, кепілдік міндеттемелері және талап қою тәртібі туралы қажетті ақпаратты беруден бас тартқаны үшін кәсіпкерлерге 6-дан 30 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Ал жеке тұлғаларға ескерту беріледі немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале