Коронавирус дағдарысы кезінде елімізде овердрафт деп аталатын кредит құралының қажеттілігі арта түсті. Күзге қарай бизнестің сатып алуларға және айналым қаражатын дер уақытында толықтыруға арналған займдарының көлемі бір ай бұрынғы деңгейден 0,9, ал бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,6 пайызға артып 2,83 трлн теңгеге жетті.
Салыстыру үшін айта кетер болсақ, жалпы кісіпорындарды кредиттеу жыл ішінде 3,1 пайызға ғана артып отыр. Айналым қаражатына арналған займ үлесі заңды тұлғалардың барлық кредиттерінің 38,9 пайызын құрады. Коронавирус дағдарысы кезінде овердрафт деп аталатын кредит құралының қажеттілігі арта түсті. Бұл өнім бизнестің қысқа мерзімді қажеттілігін банкке қосымша жүгінбей-ақ айналым қаражатын жабуға мүмкіндік береді.
Овердрафт – көптраншты кредиттік желі. Оны қолданыстағы бүкіл кезең ішінде бірнеше рет пайдалануға болады. Негізгі мақсаты – операциялық, қаржылық және инвестициялық қызметтер процесінде туындайтын кәсіпорын есепшотындағы ақша қаражатының уақытша жеткіліксіздігін толтыру. Бүгігі таңда еліміздегі екінші деңгейлі үздік он банктің ішінде 7 қаржы институты шағын және орта бизнеске овердрафт ұсынуға дайын. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең төменін 19,5 пайызбен ForteBank пен Халық банкі ұсынады. ForteBank-те арнаулы ұсынысқа байланысты бірреттік нөлдік комиссия бар. Ал Jýsan Bank-те жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 21, Еуразиялық банкте 28,4 пайызды құрайды. Банктер ең жоғары соманы кәсіпорын айналымына/түсімдеріне байланысты айқындайды.
Мәселен, ForteBank соңғы жарты жылдың ішіндегі POS-терминал бойынша айналымның (20 млн теңгеге дейін) 100 пайызына дейінгі соманы ұсына алады. Сонымен қатар соңғы 6 айдағы есеп айырысу шоты бойынша орташа айлық сауда түсімдерінен 40 пайызға дейінгі соманы (100 млн теңгеге дейін) ұсынатын өнімдері де бар. Jýsan Bank есеп айырысу шоты бойынша айналымның 50 пайызына (100 млн теңгеге дейін) дейін ұсына алады.
Ал АТФ банкі мен Сбербанкте бұл сома 40 пайызға құрайды. Бұған қоса еліміздің кейбір банктері ақшалай ғана шектеу сомасын көрсетіп қойған. Атап айтқанда, бұл сома ЦентрКредит банкінде 190 млн, Еуразиялық банкте 30 млн теңгеге тең. Зайымның максималды мерзімі 12 ай. Мұндай мерзімге займды ForteBank, Jýsan Bank, АТФ банкі және Сбербанкі ұсына алады. Ал Еуразиялық банк займның 6 айға дейінгі мерзімге берілетіндігін көрсетіп отыр.
Кредиттік желі аясында траншты қайтарудың шекті мерзімі секторға байланысты 48-ден (АТФ банкі) 28 күнге (Сбербанк) дейінгі аралықты қамтиды. 30 тәулікті құрайтын ең танымал мерзімді ForteBank, Jýsan Bank, ЦентрКредит банкі және Еуразия банкі ұсынады.
inform.kz