Сенат депутаттары «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын мақұлдады. Петиция арнайы сайт арқылы жіберіледі. eOtinish порталында арнайы бөлім болады. Сол жерде барлық петиция жарияланады. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: drfl.kz
Петицияны қарау үшін оны қолдайтын дауыстардың шекті мәндері:
- аудандық деңгей (әкімдіктер құзыретіне жататын мәселелер бойынша) халқы 50 мыңнан асатын болса, 2,5 мың дауыс, қалғандары үшін халық санының кемінде 5%-ы болуы керек;
- аудандық деңгей (мәслихаттар құзыретіне жататын мәселелер бойынша) халқы 50 мыңнан асатын болса, 5 мың дауыс, қалғандары үшін халық санының кемінде 10%-ы болуы керек;
- облыстық деңгей (әкімдіктер құзыретіне жататын мәселелер бойынша) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тұрғындарының 1% дауысы болуы керек;
- облыстық деңгей (мәслихаттар құзыретіне жататын мәселелер бойынша) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының кемінде 2%-ы болуы керек;
- республикалық деңгей (Үкімет құзыретіне жататын мәселелер бойынша) кемінде 50 мың дауыс болуы керек.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыровтың айтуынша, министрлік әрбір петицияны модерациядан өткізеді.