23.10.2023, 16:15
Оқылды: 60

Елімізде президенттік олимпиаданың екінші кезеңі басталды

Өңірлерде Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі басталды.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

msg-1001309508988-7457

Іріктеу кезеңіне білім беру ұйымдарының 11 (12) сыныптарынан 446 оқушы қатысты. Олимпиада шарты негізінде әрбір қатысушы төрт пән бойынша берілген тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – орта білім беру ұйымдары оқушыларының ішінен математика, физика, химия, биология пәндері бойынша дарынды балаларды анықтау, олардың интеллектуалды дамуы мен кәсіби бағдар алуы үшін жағдай жасау, оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, жеке тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына ықпал ету.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сондай-ақ, олар еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуда басым құқыққа ие болады.

Айта кету керек, Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі осы жылдың 3 қазанында өтті, оған 2933 оқушы қатысты. Олимпиаданың республикалық кезеңі биылғы қараша айының екінші онкүндігіне жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале