7.04.2025, 15:30
Оқылды: 160

Елімізде салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді

41 жастағы ана 7 келіге жуық сәбиді дүниеге алып келді, - деп жазады kaz.inform.kz.

a0d96ab7-39da-4397-9fdb-1fb5da484921

Сурет: kaz.inform.kz

Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент атанып отыр. Көпбалалы ана бұған дейін төрт ұл, бір қыз босанған.

– Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанып, ота да, күрделі араласу да қажет болмады, - делінген Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте жыл басынан бері 6719 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 3271 қыз бала, 3448 ұл бала бар.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале