Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 6 293,1 млрд теңге салық түсімдері түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 145,3 млрд теңгеге көп. Деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
«Республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы корпоративті табыстан түсті – 624,1 млрд теңге. Ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы – 494,4 млрд теңгеге, мұнайға салынатын экспорттық кеден баждары – 356,5 млрд теңгеге, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы – 112,8 млрд теңгеге, пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салығы – 70,5 млрд теңгеге және ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 66,6 млрд теңгеге өскені байқалады», - деп жазды ведомстводан.
Комитеттің мәліметінше, түсімдердің өсуіне мұнайға 65,1%, алюминийге 44,0%, мырышқа 37,9%, қорғасынға 12,6%, мысқа 10,1% және алтынға 4,4% бағаның артуы ықпал еткен. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі де 56,4%-ға өсті.