30.07.2024, 16:00
Оқылды: 115

Елімізде шомылуға рұқсат етілген 708 орын және 400-ге жуық құтқару бекеті жұмыс істейді

Суға түсу маусымы басталғалы бері су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ТЖД

Республика бойынша шомылуға рұқсат етілген 708 орын және 400-ге жуық құтқару бекеті жұмыс істейді. 32 мыңнан астам бала жүзу дағдыларына оқытылды, 4 мыңға жуық қоғамдық құтқарушы даярланды.

Маусымның ортасына дейін 29 мыңға жуық рейд пен су айдындарын патрульдеу жұмыстары жүргізілді.

Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 11,5 мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале