24.09.2024, 13:00
Оқылды: 43

«Елімізде су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі әзірленіп жатыр» – Жаслан Мәдиев

Үкімет отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы су тасқыны жағдайын ғарыштан мониторингтеу үшін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп жатқанын баяндады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

D1DD393B-D40F-40A4-8DE8-0CE673DB1415

Сурет: Үкімет

Оның бірінші кезеңі тарихи және жедел гидрометеорологиялық деректерді, гидропосттардың нақты координаттарын, реперлердің белгілерін және т. б. жинаудан тұрады. 

Екінші кезең GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесімен интеграциялауды жоспарлап отыр. 

«Жүйені тестілік режимде іске қосу осы жылдың 1 желтоқсанына жоспарлануда», - деді Жаслан Мәдиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале