11.02.2025, 11:00
Оқылды: 79

Елімізде су үнемдеу жабдықтарын шығаратын 5 зауыт салынады

Аталған кәсіпорындар тамшылатып суару жабдықтарын жасайды. Kazakh Invest ұлттық компаниясымен бірге түрік және қытай компаниялары бірігіп Қазақстанда су үнемдеу жабдықтарын шығаратын бес зауыт салады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

k-azak-standa-su-unemdeu-zhabdyk-taryn-shyg-aratyn-5-zauyt-salynady_1739241907

Сурет: aikyn.kz

Қазір елде төрт отандық зауыт жұмыс істеп тұр. Астанадағы зауыт жаңбырлатып суару машиналарын жасаса, Түркістан облысы мен Алматы қаласындағы кәсіпорындар тамшылатып суару жабдықтарын шығарады.

Кейінгі жылдары Су ресурстары және ирригация министрлігі диқандарды заманауи су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру мақсатында бірнеше субсидия түрін енгізді. Соның арқасында былтыр елде 158 мың гектар егіс алқабына су үнемдейтін жүйелер енгізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале