4.11.2021, 12:45
Оқылды: 49

Елімізде трансплантацияны күту тізімінде қанша бала тұр

Сенатор Ақмарал Әлназарова Үкіметке жолдаға депутаттық сауалында трансплантология саласындағы проблемаларды атап өтті.

29

Сенатордың айтуынша, мұндағы кезек өте баяу әрі операцияны күтетін пациенттердің саны артып келеді.

Ақмарал Әлназарова Қазақстанда 2012 жылдан бастап органдарды ауыстыру бойынша 2 мыңға жуық операция жасалғаны туралы деректі келтірді. Бүгінгі таңда трансплантацияны күту тізімінде 3 300-ден астам адам бар, оның 105-і бала болып отыр. Сондай-ақ, соңғы 9 жылда елімізде балаларға 118 бүйрек трансплантациясы жасалды, оның 77%-ы донор туыстардан алынған.

Сенатор трансплантологиялық қызметті толыққанды қалыптастыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ халықтың орган донорлығы туралы хабардарлығын арттыру бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Сонымен қатар, елімізде трансплантологияның дамуын тежейтін негізгі себептерге қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, донорлық стационарлардың материалдық-техникалық базасының төмендігі, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқықтық тұрғыда қорғалмағаны жатады», - деді Ақмарал Әлназарова Сенаттың жалпы отырысында.

Сенатор сонымен қатар донорлық органдар мен трансплантация бригадаларын өңірлерден орталыққа уақтылы және қауіпсіз жеткізудің техникалық қиындықтары бар екенін атап өтті.

Дереккөз:ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале