2.03.2022, 17:30
Оқылды: 36

Елімізде жаттықтырушылардың біліктілігін арттыратын институт құрылмақ

Қазақстанда жаттырушылардың біліктілігін арттыру және сертификаттау институты құрылмақ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210809153724263a3821759i

«Жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және сертификаттау институтын құру қажет. Институт спорт әлеміндегі жаңа бағыттарға сәйкес жаттықтыушы кадрларды қайда дайындаумен айналысуы керек. Институт жаттықтырушылардың дайындық деңгейлерін ескере отырып, оларды сертификаттау, мамандандыру жүйесін әзірлеуі тиіс. Қажеттілік туындаған жағдайда балалар жаттықтырушылары мен дене тәрбиесіне дайындық жаттықтырушылары үшін жеке бағдарлама бекіту керек», - деді Ералы Тоғжанов Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале