17.12.2024, 16:15
Оқылды: 174

Елімізде жүк көліктерін бақылау үшін 45 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылған

Қазақстанда 450 мыңнан астам жүк автокөлігі тіркелген. Олар күнделікті жүк тасымалдау барысында жол жамылғысына айтарлықтай әсер етеді. Артық жүктемені болдырмау үшін ауыр салмақты көліктердің салмағын тиімді бақылау қажет. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

IMG_5401

Сурет: freepik.com

Осы мақсатта 2025 жылға дейін 220 автоматтандырылған өлшеу стансасын орнату жоспарланып отыр. Стансалар тәулік бойы жұмыс істейді және жүк көлігінің салмағы мен өлшемін үздіксіз бақылайды. 

Қазіргі уақытта елімізде осындай 45 станса орнатылған. Оның 25-і «ҚазАвтоЖол» жолдарының бойында, жетеуі Астанада, біреуі Қостанай облысында, 12-сі Үлкен Алматы айналма автожолында орналасқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале